Көкшетауда қайырымдылық сөресі ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда қайырымдылық сөресі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазан айында ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер, ерліктер, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттер қағидаттарын насихаттау мақсатында «Қайырымдылық акселераторы» әлеуметтік жобасын қолға алған болатын.

Жобаның Ақмола облысында жұмысын «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі үйлестіруде. Республикалық жобаға волонтерлер ұйымы, студенттер мен жұмыс істейтін жастар және өңір тұрғындары қатысуда.

«Мәселен, қазан айында Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері еріктілермен бірге Краснояр кентіндегі Нұрлы көш ауылының тұрғындарына көмір сатып әперді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға азық-түлік және балаларға киім-кешек сатып әперді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуы үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектесті. Енді міне, Көкшетау қаласындағы «NUR» сауда үйінде «Қайырымдылық акселераторы» әлеуметтік жобасы шеңберінде қайырымдылық сөресі ашылды», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар