Көкшетауда қатты желдің салдарынан құлаған мешіттің мұнарасы орнына қойылды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығында сәуір айының соңында болған қатты дауылдан құлаған Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің мұнарасы орнына келтірілді.

Еске сала кетсек, 26 сәуір күні болған дүлей жел Ақмола облысындағы көптеген ғимараттарға залал келтіріп, материалдық шығын әкелген болатын. Сол күні дауыл ғасырдан астам бұрын тұрғызылған Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің мұнарасын да құлатқан еді. Енді міне, мешіт мұнарасын жөндеуге қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, «ТЖД сервис» ЖШС орнатып берді. Осылайша, мереке күні барша ақмолалық мұсылман бауырлар қуанышқа бөленді.

Соңғы жаңалықтар