Көкшетауда кәрістің «Sonagi Projec­t» тобының концерті өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Кәріс мәдениетінің күндері аясында кәрістердің «Sonagi Projec­t» дәстүрлі музыкалық фольклорлық тобының концерті өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облысындағы өкілдігі мен «Чинсон» кәрістердің этномәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қазақстандағы Корей елшілігі жанындағы Мәдени орталықтың директоры Ли Дэ Вон мырза қатысты.

Аталмыш топ 2006 жылы құрылған екен. Топтың шығармашылық жетекшісі Чанг Джэ Хе. Топ мүшелері негізінен «Чангу» музыкалық аспабымен ойнайды. Бұл аспапта ойнау мəнері қазақтың­ жыраулық өнері мен термесіне ұқсас.

«Чангу» жаңбыр тамшысының дауысын айнытпай салады. Сол себепті, топтың атауын «Sonagi» қойдық. Бұл кəріс тілінен аударғанда жаңбыр дегенді білдіреді», дейді Чанг мырза.

Топ кəрістен бөлек, Африка, Бразилия жəне Үнді мәдениетінің шығармаларын да жоғары деңгейде орындауда. «Sonagi Proje­ct» тобы негінен Сеул­ сахналарында концерт қояды, сондай-ақ, Америка, Еуропа жəне Шығыс Азия елдеріне жиі гастрөлге шығып тұрады. Кəсіби əртістер кəріс мәдениетінің рухы мен эмоциясын тыңдармандарына аса бір шеберлікпен жеткізе біледі. Олар Көкше жеріне тұңғыш рет келіп отыр.



Еске сала кетейік, Ақмола облысының «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Лимнің айтуынша, өңірде 1400-ден астам кәрістер өмір сүреді. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Кəрістер өздерінің дәстүрлі ұлттық «Сэбэ» рәсімі мен «Соллаль» мерекесін жыл сайын атап өтуде.

 

Соңғы жаңалықтар