Көкшетауда қараусыз қалған 5 жасар балаға қатысты тергеу жүргізілуде

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпбалалы отбасында арып-жүдеген 5 жасар балаға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетау Полиция басқармасына қала тұрғынан арыз түскен. Ол арызында баласына дұрыс қарамай отырған туысы туралы айтып, оған шара қолдануды өтінген.

«Бұл дерек тексеріс барысында расталды. Анықталғандай, Көкшетау қаласының 37 жастағы ер адамның бірінші некеден кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы және екінші некеден 4 баласы бар. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен бірге тұрып жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция инспекторы мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп осы мекен-жайға барып, балалардың жағдайын көзбен көрген. Баланың жүдеген дерегі расталды, ата-аналар баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген. Сол күні осы отбасына педиатр жіберілді және тексеруден кейін бала Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Көкшетау қалалық полиция басқармасы сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы тиісті органдарға материалдарды жолдады. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде», - деп толықтырды полиция.

Фото:instagram.com/dinatansari

Соңғы жаңалықтар