Көкшетауда карантин кезінде интимдік қызмет көрсетіліп келген сауна анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда карантин кезінде интимдік қызмет көрсетіліп келген сауна анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 15-де кешкі сағат 02:00 криминалды полиция қызметкерлері рейд кезінде облыс орталығындағы сауналардың бірінде интимдік қызмет көрсетіліп келгенін анықтады.

Заңсыз бизнес төтенше жағдай режимі талаптары мен карантидік қатаң шектеулерге де қарамастан жүргізіліп келген. Тәртіп сақшылары тексеріс кезінде сауна әкімшісі мен интимдік қызмет көрсететін үш қызды ұстады. Сондай-ақ, қыздарды түн ортасында саунаға жеткізіп отыратын такси жүргізушісі де анықталып, ұсталды. Ер адам жеке жолаушылар тасымалмен айналысқан, жезөкшілер оны «индрайвер» қосымшасы арқылы шақыртып отырған», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, барлығы 6 адам, яғни саунаның 49 жастағы әкімшісі, басқарушысы, 28, 25 және 21 жастағы жезөкшелер, 32 жастағы такси жүргізушісі ҚР ӘҚбК 476 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. «Тойта Камри» айыппұл алаңына қойылып, үш қыз «жезөкше» ретінде есепке қойылды.


Соңғы жаңалықтар