Көкшетауда қар жауып тұр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауды қар жауып тұр. Кеше кешкісін басталған жаңбырдың соңы қарға ұласып, түні бойы жауған қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Осының салдарынан қалада көлік қатынасы қиындап отыр. Қар еріп, үлкен шалшық сулар пайда бола бастаған жолдарда көлік кептелістері пайда бола бастады.

Синоптиктер түнде ауа температурасы минус 6 градустық межені көрсетеді деп болжап отыр. Егер болжам расқа шықса, таңертеңге дейін қала көшелерінде тайғақ болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар