Көкшетауда қаңғыбастар мен қайыршылар көбейіп барады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің ең көрікті қалаларының бірі саналатын Көкшетауда бүгінгі күні қаңғыбастар мен қайыршылардың саны күн санап артып келе жатыр. Оған қала көшелерінде толып кеткен қайыр сұрап немесе жұпыны киінген үсті-басы кір-қожалақ адамдардың үй аулаларын кезіп, қоқыс тастайтын жәшіктерден қалдық жинап жүргендігі айқын дәлел.

Әсіресе, осындай қаңғыбастарды немесе қайыршыларды облыс орталығындағы орталық базар мен мешіт, қалалық емхана, "Алтын ғасыр" сауда үйі мен теміржол вокзалының маңынан жиі кездестіруге болады.

Көшеде кетіп бара жатқан адамның алдына көлденеңдеп ақша сұрауы тұрғындарды үрейлендіріп отыр. Өйткені, бүгінгі күні қайыр сұрап, аяқ алып жүргізбейтін олар сонымен қатар түрлі тері ауруларының нағыз таратушысына айналған. Бұған дәрігерлер де қатты алаңдаушылық білдіруде.

"Соңғы кездері қалада үй-күйсіз жүрген адамдар көбейіп кетті. Қазірдің өзінде Көкшетау қаласы бойынша құжаттары мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ осындай 200 адам тіркелген. Олардың көбі тері ауруларымен ауырады. Мас болып немесе ауырып көше бойында жатып қалғандарына біздің жедел жәрдем қызметі жиі шақыртылады. Біз оларға алғашқы медициналық көмек қана көрсетеміз, сонымен бітті. Құжаттары болмағандықтан оларды ешқандай аурухана қабылдамайды. Сондықтан құқық қорғау органдарын шақыртып, соларға тапсырамыз. Олар да өз кезегінде мұндай адамдардан аулақ болуға тырысады. Өйткені, құжатты жоқ мұндай адамдарды бір жерге орналастыру екіталай. Облыс орталығында осындай адамдарды қабылдайтын жалғыз ғана оңалдандыру орталығы бар. Оның өзі лық толық, орын жоқ. Ал әупірімдеп жүріп кіргізген адамның онда көп тұрақтамайтыны тағы бар. Бір-екі күн өтіп, есін жиған соң қашып кетіп, бұрынғы әдетіне қайта басады. Ал олардың арасында әлгіндей тері ауруы сияқты дертпен ауыратындары қоғамға үлкен қауіп туғызады", - дейді қалалық жедел жәрдем қызметінің аға дәрігері Забира Есімханова.

Соңғы жаңалықтар