Көкшетауда камераға түсіп қалған жүргізуші айыппұл арқалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жаяу жүргіншіні көшенің белгіленген жерінен өткізбеген жүргізуші Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға 18 маусым күні сағат 11:30 «Юбилейный» ықшамауданында болған.

«Бакалея»  дүкенінің маңынан жүріп бара жатқан «Фольксваген Пассат» көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағындағы жас келіншекке жол бермей тоқтамастан өтіп кеткен. Жол ережесін бұзған жүргізушіні Жедел басқару орталығының кезекшісі, полиция капитаны Марат Қазыбай байқап қалып, бірден жол-патрульдік полиция батальонының автопатрульдеріне хабарлаған. Араға бірер минут салып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталып, ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталмыш бапқа сәйкес жүргізушіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көкшетау қаласында Жедел басқару орталығының көмегімен 4 мыңға жуық әкімішілік құқықбұзушылық тіркелген.

Фото: cdn2.img.ria.ru

Соңғы жаңалықтар