Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы желтоқсанның 13-де Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны жүгініп, із-түзсіз жоғалған әйелі 1984 жылы туған Людмила Владимировна Ершованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, әйелі желтоқсанның 11-де үйінен шығып кеткен, содан қайтып оралмаған.

«Бастапқыда ер адам өзі іздеп көрген, алайда одан нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұрады. Осыған байланысты Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы мен күштері бағдарланды. Полицияның барлық бөлімшелеріне жоғалған әйелдің суреті мен белгілері туралы бағдарлар жіберілді, жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.

Жоғалған әйелдің бойы 165-170 см, дене бітімі орташа, шашы боялған, қоңыр түсті. Үстіне сұр түсті тоқылған қалпақ, қою сирень түсті күрте, қара шалбар, қара қысқы етік (угги).

Осы ретте, полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез-келген адамнан 8 (7162) 29-96-00 телефон нөмірі немесе 102 желісі арқылы хабарласуды сұрайды.

Айта кетсек, Ақмола облысында қылмыс 19 пайызға төмендеді.


Соңғы жаңалықтар