+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Көкшетауда III-ші аймақтық театрлар фестивалінің ашылуы өтті

2021 жылғы 17 қыркүйек 21:31
Бөлісіңіз:
Көкшетауда III-ші аймақтық театрлар фестивалінің ашылуы өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық - драма теарының 25 жылдығына орай Көкшетау қаласында III-ші аймақтық театрлар фестивалі шымылдығын көтерді. Фестивальге Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларындағы облыстық қазақ театрлары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылғы қыркүйектің 17-20 күндері аралығында өтетін фестивалдің ашылуына арналған салтанатты шара Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық - драма теарында өтті.

Шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін Ақмола өңірінде киелі Көкшетау жерінде үлкен той. Себебі биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл және облыс руханиятының қара шаңырағы саналатын Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық - драма театрға 25 жыл толып отыр. Бұл театр ширек ғасыр ішінде түрлі белестерді бағындырып қана қоймай, еліміздің мәдениетінің дамуы жолында аянбай тер төгіп келе жатқан бірегей өнер ордаларының біріне айналды», - деді Айна Мысырәлімова.

Айта кетсек, ең алғаш 1996 жылы жазушы - драматург Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» драмасымен шымылдығын ашқан театр жыл санап қанатын кеңге жайып дамып келеді. Театр - бүгінге дейін әлем және қазақ классиктерінің 200-ге жуық қойылымын көрермен назарына ұсынып үлгерді. Олардың ішіндегі классикалық қойылымдардан У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», С.Жүнісов «Абылай», А.Камю «Калигула», драмалық қойылымдардан Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», О.Бөкей «Атау кере», комедиялық қойылымдардан О.Бодықов «Үйленгім келмейді», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», Б.Әлімжанов «Құдалық» спектакльдерін атап өтуге болады.

Қазақ театры жыл сайын өнерлі жастармен толысып кемелденуде. Кешегі балауса театрдың ашылуына ат салысқан қыз - жігіттер бүгінгі таңда елімізге танымал өнер иелеріне айналып отыр.

Фестивальдің ашылуына орай, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық - драма теарында байқаудан тыс «P.S.Мен сені сағындым» қойылымы сахналанды.

Фестивальге қатысушы театрлар үш күн бойы ақмолалық көрермендерді өз өнерлерімен сусындататын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT