Көкшетауда Халықаралық балаларды қорғау күні сән-салтанатпен аталып өтілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні сән-салтанатпен аталып өтілуде.

Балалар мерекесі күні облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңы әдеттегіден де ерекше нұралана түсті. Сыңғырлаған сәбилердің күміс күлкісіне толды. Мерекелік шараға немерелерін жетектеген ата-әжелер мен балаларын ерткен ата-аналар алаңға ағылды. Онда балаларға арналған түрлі байқаулар мен театрландырылған көріністер, балалар ұжымының мерекелік концерті бәрі-бәрі ретімен тартымды өтіп жатыр деуге болады.

Сондай-ақ, орталық саябақтағы ат, пони, есекпен серуендеген балалардың қуанышында шек жоқ. Әсіресе, балаларға арналған ойыншық машина, мотоцикл және атракциондарға отырған бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жайнап, шаттық құшағына бөлінуде.

Әсем шарлар мен түрлі ойыншықтарға ие болған балғындардың ақ жүрегі ризашылық сезімге толы болуда.

Сонымен қатар, бұл күні балалар қоғамдық көлікте тегін жүргенін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар