Көкшетауда Головкинге арналған флешмоб өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы BMW автоқауымдастығы Геннадий Головкинге қолдау білдіру мақсатында жеңіл көліктерден флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның видеосы BMW автоқауымдастығының Инстаграм желісінде жарияланды. Онда 20-ға жуық машина «GGG» жазуын көрсетіп, тізбектеліп тұр. Сондай-ақ бейнеүзіндіде көліктердің асфальт үстіндегі дрифтін көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары флешмобқа және 16 қыркүйек күні мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге қатысты түрлі пікірлер қалдыруда.

Бірі: «Дұрыс, ол біздің чемпион және солай болып қала береді» десе, енді бірі Генаның жеңілгеніне əлі де сенбейтінін жазады.

«GGG» әрине, Канелодан мықты. Егер соңғы кездесуді таразыласақ «GGG» барын салған жоқ. Менің ойымша, оның бұдан да жақсы өнер көрсетуге мүмкіндігі бар. Ол өзі жеңілгісі келген сияқты», деп жазады «mart_ell» аккаунтымен тіркелген қолданушы.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

GGG лучший??? Авто сообщество BMW г. Кокшетау замутили вот такую поддержку, смотрится конечно очень круто🔥🔥🔥 @bmwclubkokshetau Отмечайте в коментариях @gggboxing вдруг он всё таки увидет данный ролик⬇️ #кокшевидеограммголовкин

Публикация от КОКШЕТАУ КЗ ЛЮДИ НОВОСТИ (@kokshevideogram)

Соңғы жаңалықтар