Көкшетауда Ғалым Елемесовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда ҚазССР бас прокуроры Ғалым Елемесовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық прокуратурасы ғимаратының алдында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Ғалым Елемесовтің туған-туысқандары, замандастары және әріптестері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың осы шараға арнайы жолдаған хатын оқып берді.


«Өткенсіз болашақ жоқ екенін баршамыз білеміз», - деп айтты аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. – «Бүгін біз танымал тұлғаны еске алып отырмыз. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында Ғалым Елемесов атындағы көше мен еңселі ескерткіші бар. Ол өзінің білімі, талапшылдығы және адалдығының арқасында бүкіл республикаға абыройлы бола білді».


Айта кетейік, Ғалым Бәжімұлы 1989 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Заңгерлік институтын бітірген соң өзінің еңбек жолын 1951 жылы Көкшетау қалалысының прокуратурасында бастап, бірқатар жауапты лауазымды қызметтерді атқарған. Көкшетау және Семей өңірлерінде облыс прокурорының орынбасары болған. 1975 жылы СССР Жоғарғы сотының мүшесі болып сайланып, кейін Қазақ ССР Жоғары сотының төрағасы қызметіне тағайындалған. Қазақ ССР Бас прокуроры болып жүрген кезінде де өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқара білді. Ол ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар