Көкшетауда ескі жер үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы Капцевич көшесінің бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Атап өтейік, бұл көшеде жөндеу жұмыстары темір жол вокзалына дейін, ұзындығы 4 590 метр аумаққа жүргізіледі. Жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды.  

Бүгінде жұмыс қызу қарқын алған.  Құрылыс 3 кезеңге бөлініп жүргізіледі және жұмыс ауқымына сәйкес қыркүйекке дейін созылады. Бұл көшеде жылдамдық жолағының саны - 3, ал кеңдігі - 9 метрге дейін ұзартылады. Облыс әкімі көшені 5 қыркүйекке дейін қолданысқа беруді тапсырды. Атап өтейік, Капцевич көшесі бойынша жөндеу жұмыстары біткеннен кейін қалада көліктер ағыны бәсеңдейді деп күтілуде.    
Сондай-ақ, биыл Көкшетау қаласында қалалық көпқабатты үйлерде де «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Пушкин көшесінің бойында орналасқан 29 пәтерлі тұрғын үйге де назар аударды.
Мердігер компания - «Азия» ЖШС басшысы Шеген Сегізбаевтың айтуынша жұмыстар наурыз айында басталған, жөндеу ТҮКШ жаңғырту бойынша, кері қайтарылған қаражат есебінен жүргізілуде, жобаның жалпы құны - 27,4 миллион теңге. 
Мұнда 40 жұмысшы кіреберістерді сырлау және әктеу, әйнектерін салу, жертөлені судан құрғату, қоқыстан тазарту, шатырлау, ағаш қондырғыларды жөндеу сияқты жұмыстарды орындауда.
Бүгінде қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өз үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге ерекше ынталы.
«Қала бойынша кері қайтарылған қаражат есебінен жөндеу жүргізуге тұрғындары тілек білдірген 50 көпқабатты үй кезекте тұр», - деді қала әкімі Е.Маржықпаев. 
Осы күні аймақ басшысы Көкшетау медициналық колледжінде де болып, ұжыммен кездесті.
Сондай-ақ С.Кулагин қаладағы сүріліп жатқан ескі үйлердің жер телімдерін қарады. Бүгінде қала әкімдігі Әуезов көшесінің бойындағы осындай 8 жер телімдерін сатып алған. Биыл «Алуа-Құрылыс» ЖШС жеке фирмасы осы ескі үйлердің орнына 72 пәтерлі үй салмақшы.   
Сондай-ақ осы күні аймақ басшысы облыстық «Оқжетпес» футбол клубының жұмысымен де танысты. Бұл жердегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын 5 мамырға дейін  аяқтауды тапсырды.

null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар