Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Көкнәр-2015» жедел алдын алу шарасы барысында есірткі саудасымен айналысқан 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жедел алдын алу шарасы барысында 3 мың рет қолданылуға болатын 1,5 келі есірткі заты тәркіленді. Осыдан 2-і ай бұрын облыстық ІІД есірткі бизнесмен күрес бойынша арнайы бөлімше қызметкерлеріне 41 жастағы Көкшетау қаласы тұрғынының есірткі саудасымен айналысатыны жөнінде ақпарат түседі. Тексеріс барысында күдіктінің шынымен облыс орталығы аумағында есірткі саудасымен айналысып жүргені анықталады. Сонымен қатар, бұл жасырын қылмысқа күдіктімен бірге тұрып жатқан 36 жастағы әйел мен 30 жастағы танысының да қатысы бар екені белгілі болады. Қыркүйектің 15-і күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстайды. Топ жетекшісінің үйін тінту барысында полиэтиленді бумада 1,5 келі есірткі заты (героин) табылады. Ал, танысының пәтерінен дәл осындай 3 грамм есірткі түрі тәркіленеді.

Соңғы жаңалықтар