Көкшетауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секірмекші болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 19-да кешкі сағат 21:30 болған. Бұл туралы Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне хабарланған.

«Ер адам Баймұқанов көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден секіруге оқталған. Айтылған мекенжайға полицияның аға лейтенанты А.Әбілқайыров және полиция лейтенанты Н.Кенжебековтің автопатрулі жетті. Тәртіп сақшылары жедел қимылдап, суицид жасамақ болған ер адамды құтқарды», - деді ведомстводан.

Белгілі болғандай, ер адамның жасы 35-те және еш жерде жұмыс істемейді. Қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, туыстарының қарауында.


Соңғы жаңалықтар