Көкшетауда ер адам ірі көлемде есірткімен ұсталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудың 23 жастағы тұрғыны ірі көлемде есірткі затымен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіні «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.

«Күдікті бұрын сотталмаған. Оның заттарын тәркілеу кезінде телефонынан есірткі жасырылған орындардың фото деректері анықталды. Сонымен бірге ұсталған үйдің сыртында 5 грамм марихуана салынған 5 zip қаптама, жалдаған пәтерінде гашиш пен марихуана салынған 155 бума тәркіленді. Mercedes автокөлігінің ішінен көк және қызыл түсті 32 zip қаптама есірткі заты табылды. Мұнда электронды таразылар, zip-lock қаптамалары және изолента алынды», - деді ведомстводан.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан барлығы 477 грамм кептірілген марихуана, 106 грамм гашиш, сондай-ақ 4 грамм қарасора сабағы тәркіленді.

«Осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 5-бөлімшелері «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді электрондық және ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып заңсыз сақтау, өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басқарма ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда есірткі жасалып келген фитозертхана жойылды.


Соңғы жаңалықтар