Көкшетауда ер адам әйелінің қолынан қаза тапты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ер адам әйелінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Көкшетау қаласының тұрғынын әйелі пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Желіде жазылғандай ерлі-зайыптылар қосылып арақ ішкен. Артынша екеуінің арасында дау туып, әйелі күйеуіне асхана пышағын сұғып алған. Кейін ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қазіргі кезде 57 жастағы көкшетаулықтың өліміне байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы қылмысқа күдікті ретінде 54 жастағы әйел ұсталды.

«Қазіргі кезде күдіктіден түсініктеме алынып, заттай айғақтар тәркіленді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД-ның баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар