Көкшетауда ер адам 5-қабаттан секірмек болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 38 жастағы ер адам 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, бүгін таңертеңгі сағат 09:30 Көкшетау қаласындағы Құдайбердиев көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырында  белгісіз ер адамның тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына  дереу жеткен учаскелік инспектор мен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамды жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

«Ер адам 1980 жылы туған. Үйленген, Краснояр бағытындағы саяжайда тұрады. Төрт күн бойы тоқтаусыз ішімдік ішкен. Ол көпқабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, секіріп өлмек болған. Оқиғаның нақты себебі  белгісіз», - деді баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Ер адам оқиғадан кейін Ақмола облысының психихитриялық ауруханасына жатқызылды.

Еске сала кетсек,  кеше елордада өлімге бас тігіп, көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адам құтқарылған болатын.

Иллюстрациялық фото 

Соңғы жаңалықтар