Көкшетауда еңбек ардагерлеріне 50 мың теңгеден сыйлық табысталды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин облыстың барлық еңбек ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады.

Мерекелік іс-шарада өңір басшысы 50 ардагерге алғыс хаттар мен 50 мың теңгеден сыйлық табыстады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз мен өмірде түйген даналықтарыңыз бүгінгі күні халқымыздың және Отанымыздың игілігі үшін қызмет көрсетіп келеді», - деп атап өтті өңір басшысы. «Сіздер ел болашағы үшін және халықтың амандығы үшін тынбай еңбек еттіңіздер. Бүгінде біздің еліміздің қол жеткізген және мақтанышпен айтатын жетістері ең алғаш рет Сіздердің білектеріңіздің күшімен пайда болған. Сіздер қалаған Ақмола өңірінің экономикалық іргетасы облысымыздың әлі күнге дейін ел көлеміндегі ең сәтті аймақтардың бірі ретінде аталуына септігін тигізіп келеді», -деді әкім. Еске сала кетейік, Ақмола облысында 105 мың зейнеткер бар, атап айтқанда оның 194-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 8 176-сы тыл еңбеккері. Олардың барлығы мемлекеттен тіисті жәрдемақылар мен материалдық көмек түріндегі әлеуметтік төлемдерді алып отырады. Өңір ардагерлерін құттықтау қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында әрі қарай жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар