Көкшетауда электр сымдарын ұрлағандар қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің жертөлелерінен бір ай бойы мыс сымдарды ұрлаумен айналысып келген екі азамат құрықталды, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне бір ай бойы жергілікті тұрғындардан үйлерінің жертөлелеріндегі мыс сымдарды біреулер ұрлап, одан үйлердің жарықсыз қалғаны жөнінде арыз түсті. Осыған орай, полицейлер күдіктілерді анықтап, қолға түсіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері бұдан бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған жастары 30 шамасындағы жергілікті екі азаматты ұстады.

Қолға түскендердің бірінің айтуынша, оларға мыс сымдарын ұрлауға осыдан бір жарым ай бұрын Максим есімді танысы үгіттеген. Сол кезде Максим жертөлелердің бірінде ұрланған мыс сымдарын жасырып қойған көрінеді. Оны көрген екеуі осындай оңай жолмен ақша табуға кірісуге бел буады. Олар бір айдың ішінде үш мәрте мыс сымдарын ұрлап, болат және металл қабылдайтын орындарға апарып келісін 800 теңгеден өткізіп отырған.

Қазіргі кезде қолға түскен азаматтардың үстінен ҚР ҚҚ 175 бабының 2 бөлімі (берудің мүлкін тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ олардың осындай басқа да қылмысқа қатысты бар-жоғы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар