+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Көкшетауда екі жасар бала 7-қабаттан құлап мерт болды

2021 жылғы 15 мамыр 11:01
Бөлісіңіз:
Көкшетауда екі жасар бала 7-қабаттан құлап мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2 жасқа таяған бала 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Балкон арқылы төмен түскен: Екібастұзда ер адам көз жұмды Семейде 24 жастағы бойжеткен төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 14-і күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған.

Бұл туралы Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан.

«Абылай хан көшесі, 15 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті. Алдағы маусым айында бүлдіршін 2 жасқа толатын еді», - деп айтты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Анықталғандай, бүлдіршін пәтердің ашық тұрған терезесінен абайсызда құлап кеткен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT