Көкшетауда екі көлік соқтығысты (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Әуелбеков және Сәтпаев көшелерінің қилысында «Ниссан максима» және «Нива» көліктері соғылысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Әуелбеков көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Нива» көлігі жолдың жаяулар жүретін жерінен кейін бұрылмақ болған. Осы кезде артынан келе жатқан «Ниссан максима» көлігі оның бүйіріне соғылған. Оқиға орнынан табылған жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол апатының анық-қанығын анықтап барып қана мәлімет беретінін айтуда. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Зақымданған екі көлік қауіпсіз жерге жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар