USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Көкшетауда екі баланың анасы жоғалып кетті

2021 жылғы 24 қараша 12:55
Бөлісіңіз:
Көкшетауда екі баланың анасы жоғалып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда екі баланың анасы 28 жастағы әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1993 жылғы қызы Әсел Қаппасқызы Ахмеджанованы табу үшін көмек сұрады.

Анасының сөзінше, қызы 19 қарашада сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Қазіргі кезде іздестіру шараларына Көкшетау қалалық ПБ-нің жеке құрамы жұмылдырылды. Хабар-ошарсыз кеткен әйел бойынша толық бағдар Ақмола облысы ПД барлық бөлімшелеріне жолданды», - деді ведомстводан.

Жоғалған әйел, 1993 жылы туған, кәмелетке толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды. Бойы 160-165 см, дене бітімі толықша, шашы иықтан төмен, ерні қалың, тік мұрынды. Үстіне қара түсті куртка, қара шәпкі, сұр трико, ашық қоңыр түсті кроссовка киген.

Осы ретте, полиция қызметкерлері жоғалған әйел туралы қандайда бір мәліметі бар адамдар болса, дереу 8(7162) 29-96-00 телефоны немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT