Көкшетауда екі әйелді қағып, ізін суытпақ болған көлік жүргізушісі қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда екі әйелді соғып, ізін суытпақ болған көлік жүргізушісі құрықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға мамырдың 4 күні «Девчата» дәмханасының маңында орын алған. "ВАЗ-21150" жеңіл көлігінің жүргізушісі темір тұлпарымен жүйткіп келіп, 1954 және 1964 жылғы екі жаяу жүргінші әйелді қағып кетеді. Зардап шегушілерге көмек көрсетудің орнына көлік иесі ізін суытып үлгереді.

Нәтижесінде, жапа шеккен қос әйел медициналық жедел жәрдемнің көмегімен түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылады.

Ал, араға бірер сағат салып, есерсоқ жүргізуші - Көкшетау қаласының 1993 жылғы тұрғыны құрықталып, қалалық ІІБ жеткізіледі. Сондай-ақ, оның көлікке отырған кезде көлік жүргізу куәлігі де болмағаны анықталады.

Қазіргі кезде ҚР әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі кодексінің 468 және 469 баптары бойынша әкімшілік материалдар жасалды.

Соңғы жаңалықтар