Көкшетауда досының 3 млн. теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен күдікті Астанада қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда досының 3 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен күдікті Астанада қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне Қарағанды облысынан келген ЖШС-нің бірінің сауда өкілі ағымдағы жылдың 23 тамызында таңғы уақыт 06:00 шамасында облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінің нөмірінен 32000000 теңгені ұрлап кеткен досына шара қолдану жөнінде арыз берген.

Алдын ала анықталғандай, зардап шегушi мен күдікті Көкшетау қаласында ет сатып алумен айналысқан. Кейін сатып алған етті еліміздің ірі қалаларында саудалап отырған. Бұл жолы күдікті түскен пайданы досымен бөліспей өзі алып тайып тұрған.

Алайда, жедел-іздестіру шарасы барысында 24 жастағы күдікті алысқа ұзамай Астана қаласы аумағындағы полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Ол ұрлаған ақшаға «Лада-Гранта» автокөлігін сатып алып үлгерген.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сондай-ақ, оның үстінен ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар