Көкшетауда дәстүрлі 2-ші қайырымдылық балы өтті (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облыстық әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен ҚІӘҚ (Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының) «20 игі іс» республикалық акциясы шеңберінде «Жан шуағы» қайырымдылық балы өтті.

«Аристократ» мейрамханасында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен жиналған мемлекеттік органдардың,  бизнес құрылымдардың,  мемлекеттік емес ұйымдардың,  БАҚ өкілдері және депутаттар қатысты.  Қонақтардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов,  Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Раушан Сарсенбаева және «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов болды.
Құттықтау сөз сөйлеген Н.Нұркенов осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның қоғамдық маңызы зор екенін атап өтті.
«Бұл жобаның бүгінгі қоғам үшін маңызы зор. Адамдарды жоғары мәдениеттілікке қана бастап қоймайды,  сонымен қатар,  мұқтаж жандарға бір сәт назар аударға және қиын жағдайда қалған әйелдерге қолдау,  көмек көрсету үшін қайырымдылыққа шақырады», деді Н.Нұркенов өз сөзінде.
Шара барысында бизнесте де, қоғамдық өмірде де жетістікке жетіп отырған өңірдегі бірқатар іскер әйелдер марапатталып, құрмет көрсетілді.
Бал да классикалық билер мен әндер айтылды. Сондай-ақ, мүгедек,  ата-ананың қамқорынсыз қалған жетім балалардың қолымен жасалынған шығармашылық  жұмыстарының көрмесі өтіп, қонақтарға  сатылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша,  жалпы қайырымдылық шарасынан түскен қаражаттың бір бөлігі науқас балаларын емдеу үшін 3 отбасына және 6 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты әйелге жалға алған пәтер ақысы мен заңнамалық қызмет алу үшін берілмек.  Қалған бөлігі жыл соңына дейін әлеуметтік акциялар мен мұқтаж отбасыларына көмек ретінде жұмсалатын болады. 




2 3 4 5 6 7 8  

Соңғы жаңалықтар