Көкшетауда дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда дәрігерлер арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жаңадан салынып жатқан аталмыш тұрғын үйдің құрылыс және жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мердігерлердің сөзінше, жақын күндері 260 пәтердің кілті тапсырылмақшы.

«Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі елдеріндегідей біздің облысымызда да коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізілуде. Бүгін біз жаңадан салынған ПТР (полимеразалық тізбек реакция) және фармацевтикалық зертханаларды аштық. Онда кез келген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады. Өткен аптада дәрігерлермен өткен кездесуде сәуір айының соңында тұрғын үй құрылысын бастайтынымызды айтқан едім. Бүгін өздеріңіз көріп отырғандай дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілуде. Бұл үй тапсырылғаннан соң, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың мүмкіндігін қарастыратын боламыз. Дәрігерлер үшін үй салудың қажеттігі туындап отыр. Облысымызда дәрігерлердің жетіспеушілігіне осы себеп болып отырған жайы бар», - деп атап өтті аймақ басшысы.


Айта кетейік, Көкшетауда бүгіннен бастап жаңадан салынған ПТР (полимеразалық тізбек реакция) және фармацевтикалық зертханалар жұмысын бастады. Тұрғындар қажетті анализдерін тапсыра алады. Мәселен, коронавирус инфекциясынан бөлек, гепатит, несеп-жыныс инфекцияларына тәрізді өзге ауруларға да сынама алынады.



Соңғы жаңалықтар