Көкшетауда Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға тұрғызылатын ескерткіштің алғашқы тасы қаланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Чернобыль АЭС апатының 28 жылдығына орай "Мәңгілік алау" мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Ақмола медиа орталығынан.

Апаттың құрбандарын еске алу шарасына Чернобыль АЭС орын алған апаттың зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер, белсенді азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің және "Нұр Отан" партиясының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, қала әкімі Жарқын Жұмағұловтың қатысуымен Абай көшесінің бойындағы скверде Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға тұрғызылатын ескерткіштің алғашқы тасы қаланды.

Еске сала кетсек, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға 240 мың адам қатысты. Ал, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 800 мың адамға жеткен. Олардың арасында ақмолалықтар да бар. Бүгінгі күні Көкшетау қаласында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 115 адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар