Көкшетауда «Болашақ сарайы» бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірегей нысан 2020 жылы пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс орталығы Көкшетау қаласын дамыту мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Халықтың өсіп бара жатқанына байланысты облыс орталығында жаңа аудандарды сала бастадық. Атап айтқанда, жаңа Сарыарқа шағын ауданында құрылыс қарқынды, 2013 жылдан бастап мұнда 35 көппәтерлі тұрғын үй (1 370 пәтер) салынды. Қазір «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 көпқабатты үйдің (8 несие және 4 жалға беру) іргесі қалануда. Оның 10-ы биыл аяқталады», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев.

Өңір басшысының айтуынша, Көкшетаудың жол бойынша инфрақұрылымын дамытуға 2,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп те қойған.

«Биылдан бастап Қопа көлінің жағасында (Кеңсары көшесінен Қан орталығына бұрылысқа дейін) айналма жол құрылысы салынып жатыр. Қылшақты өзені арқылы көпір салынады. Сонымен бірге, қазіргі заманға сай «Болашақ сарайы» сарайының құрылысы жүргізілуде. Сол ғимаратта 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының маңызды шараларын өткіземіз», - деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар