Көкшетауда «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау ережесі түсіндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Айгүл Нәдірова жергілікті мемлекеттік органдар мен медицина және мәдениет саласы өкілдерімен кездесу өткізіп,

"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау ережесін түсіндірді, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Осы бағдарлама қолға алынғаннан бері 10346 стипендия тағайындалған. Қазірдің өзінде әлемнің 33 еліндегі іргелі 200 университетте 2366 шәкірт білім алуда.

«2014 жылы "БАҚ" және "шығармашылық және мәдениет саласының" қызметкерлеріне магистр дәрежесін алу үшін жаңадан екі санат енгізіліп отыр. Жалпы байқауға қатысуға ниет білдіргендер "өз еркімен түскендер", "мемлекеттік қызметкерлер", "ғылыми-педагогикалық қызметкерлер", "жоғары оқу орындарының түлектері" және "БАҚ" пен "шығармашылық және мәдениет саласының қызметкерлері" сияқты 7 санат бойынша құжат тапсыра алады", дейді А.Нәдірова.

Сонымен қатар, қазіргі кезде "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің қатысуы үшін электронды мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Осыған орай, Қазақстан азаматтары электронды үкімет порталы немесе ХҚО арқылы құжаттарын тапсыра алады. Ал бұл өз кезегінде ауылдық жерлердегі халықтың бағдарламаға қатысу ауқымын кеңейте түспек.

Соңғы жаңалықтар