Көкшетауда бірінші ауысымда оқитын барлық сыныптарға сабақ болмайтын болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көктайғақтың салдарынан мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Көкшетау қалалық білім бөлімінің маманы Айнұр Мусина хабарлады.

Оның айтуынша, көктайғақтың салдарынан қаладағы барлық орта мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ уақытша тоқталды.

Соңғы жаңалықтар