+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Көкшетауда біреудің атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

2019 жылғы 14 қазан 22:46
Бөлісіңіз:
Көкшетауда біреудің атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласында бөтен біреудің атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй ауласында тұрған көлікті тонаған күдікті ұсталды Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 29,9 % төмендеген Степногорде кәсіпкер қарияға қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Ведомствоның дерегі бойынша, 12-ші қазан күні Көкшетау қалалық полиция бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын арызданған.

Зардап шегушінің мәлімдеуінше, белгісіз адамдар оның атына банк арқылы онлайн несие рәсімдеген. Атына несие рәсімделгені туралы ол өзіне банктен телефон арқылы хабарласып, төлем жасау туралы айтқан кезінде бірақ білді.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде бір тәуліктің ішінде алаяқтығы үшін бұрын сотты болған күдікті ұсталды. Ол зардап шегушінің әріптесі арқылы несие картасы туралы мәліметтерді біліп, ұялы телефонның көмегімен онлайн несие рәсімдеген. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері күдіктінің осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үстінде», дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырады. Әсіресе, жеке куәліктерінің көшірмесін өзге адамдарға бермеуді ұсынады. Сондай-ақ, интернет сайттардағы арзан бағаға техника сату туралы жарнамалар мен ұсыныстарға алданбауды сұрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT