Көкшетауда бір түнде бірнеше көлікті зақымдаған бұзақы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бір түнде бірнеше көлікті зақымдаған бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне қала тұрғыны хабарласып, тұрғын үйдің ауласында тұрған көлігін белгісіз біреу зақымдап кеткенін айтқан.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті ішімдік ішіп алып, төрт көліктің терезесін сындырған. Екі көліктің салонынан жүргізушінің жеке заттары мен  ақшасын үптеп кетті» деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлімі бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Ұрланған заттар тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар