Көкшетауда «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін полиция фронт-кеңсесі ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін полицияның фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті мен көкшетаулық полиция басқармасының ғимаратында ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің ашылу рәсімі өтті.

Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Биляловтың айтуынша, тұрғындармен жұмыс істеуде жаңа форматты енгізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтып, өтініш қабылдау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүміндік береді.

«Фронт-кеңсе облыстық департамент пен Көкшетау қалалық басқарманың ғимаратында орналасқан. Қабылдау бөлмесінде алдын ала бекітілген кесте бойынша прокурор және полиция қызметкері азаматтардың өтініш-арыздарын қабылдайды», - дейді ведомстводан.

Бұл - облысымызда бірінші рет ашылып отырған фронт-кеңсе. Мұнда тұрғындарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Нысанда азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын арнайы бөлмелер мен арнайы төлем жасай терминалдар да бар. Тегін Wi-Fi интернет желісі, «Адалдық дүкені» жұмыс істейді. Алдағы уақытта облыстың басқа қалалары мен аудандарында да азаматтарға арналған осындай фронт-кеңсе ашу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар