Көкшетауда бір-біріне пышақ ала жүгіргендерге полиция араша түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Көкшетауда бір-біріне пышақ ала жүгірген екі адамның төбелесіне полиция қызметкері араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша оқиға 8 сәуір күні болған.

«Учаскелік полицияның аға лейтенаты Әлихан Қожанов өзіне бекітілген аумақтағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап қалады. Дереу барып қоғамдық тәртіпті бұзып отырған екеуінің арасына араша түседі. Осы кезде жаға жыртысып жатқан адамдардың бірі екіншісіне ішінен пышақ салып үлгереді.

Алайда, дер кезінде оқиған орнынан табылған Әлихан күдіктіні қоян-қолтық ұрыс әдісімен пышағын қағып алды. Ал, зардап шеккеннің жарасын оқиға куәгерлерінің көмегімен танып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады.

Кейін белгілі болғандай ұсталған адам тұрғылықты мекенжайы жоқ, зардап шегушімен бірге қосылып арақ ішкен. Кейін екеуара жанжал шығып, соңы қанды төбелеске ұласқаны анықталды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қыметі.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Сонымен қатар ІІД басшылығы қылмыскерді ұстауда ерлік пен кәсіби шеберлік танытқан Әлихан Қожановты марапаттау туралы шешімге келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар