Көкшетауда білім ордасының асханасынан түтін шығып, 160 адам эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия асханасынан түтін шығып, 160 адам эвакуацияланды. Оның 140-ы оқушы, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін ақпанның 10-да кешкі сағат 19:14-те болған.

«Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия асханасында электр пешке қойылған тамақ күйіп, түтін шықты. Осының салдарынан гимназияда болған 160 адам (оның 140-ы оқушы) эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Гимназия қызметкерлері жедел әрекет етіп, тиісті органдарды шақыртты», - дейді Көкшетау қалалық білім бөліміндегілер.


Соңғы жаңалықтар