Көкшетауда Бердіғұлованың ісі бойынша сот отырысы өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Алқа билердің қатысуымен Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты сот отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сот отырысы жабық өтуде.

«Бұл істі Алқа билердің қарауы жөнінде күдіктінің өзі өтініш берді. Күдікті Медет Әбдрахманов Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өлтірді деп ҚР ҚК 99, 188 және 384 баптары бойынша айыпталуда», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 маусымында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өз үйінде өлтірілді. 46 жастағы судьяның денесі жуынатын бөлмеден табылды. Сол кезде, полиция қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 33 жастағы жиһаз жасаушы жігітті ұстаған болатын.

Соңғы жаңалықтар