Көкшетауда автобус өртеніп, 18 адам эвакуацияланды

Фото:
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жұмысшылар мінген автобус өртеніп, 18 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус желтоқсанның 9-ы таңғы уақытта өртенген. Көлік жиһаз құрастырумен айналысатын «Мышлев А.Ю.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі.

«Таңертең «ПАЗ-762» автобусының өртенгені туралы хабар түсті. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Белгілі болғандай, автобус жиһаз құрастырумен айналысатын «Мышлев А.Ю.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, ішінде 18 жұмысшы болды. Олардың барлығы өз күштерімен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 8:48-де өрт оқшауланып, 8:55-те жойылды. Қазіргі кезде, шығу себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында «Газель» жыраға құлап, бір адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар