Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеге Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайың. Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы қатысып отыр.

«Бұл жолғы жәрмеңкеге өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 55,6 миллион теңге болатын 83 тоннаға жуық өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілерден азық-түліктің 30-дан астам түрін нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатып алуда. Соның ішінде 23 тонна ет және шұжық өнімі, 4 тонна балық, 6,4 тонна сүт және сүт өнімі, 11 тоннадан астам ұн, 5 тонна өсімдік майы, 33,5 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар», - деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен бөлек, жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, отын, шөп, астық қалдықтары да сатылымға шығарылып отыр.


Жәрмекенінің ұйымдастырылуын арнайы барып көрген аймақ басшысы Ермек Маржықпаев азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

Кәсіпорындар барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай жұмыс істеуде. Әр павильонда антисептик бар және сатушылар тауарларды жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып сатуда.


Соңғы жаңалықтар