Көкшетауда «Ауыл» ХДПП белсенділері ұлттық тағамдарды ұлықтау мақсатында флеш-моб өткізді (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ауыл» ХДПП Ақмола облыстық филиалының белсенділері ұлттық тағамдарды ұлықтау мақсатында флеш-моб өткізді.

«Ауыл» партиясы бағдарламасының негізгі басым бағыттары халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, дамыту. Осы тұрғыда ұлттық тағамдардың алатын орны ерекше. Шара мақсаты да халық арасында ұлттық тағамдарды дәріптеп, насихаттау болып табылады. Ол үшін осы асыл қазынаның қадір-қасиетін есте сақтаған маңызды.

«Ұлттық деликатестерді дәріптеу арқылы еліміздің экономикалық брендін қалыптастыруға болады. Ол үшін біз өзіміз осы құндылықтарды бағалай білуіміз қажет» деп есептейді партия мүшелері.

«РИО» сауда-ойын сауық орталығында өткен флеш-моб барысында халық арнайы қойылған инстаграмм қабырғаға келіп, естелікке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Бұл суреттер партия сайтына не әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Қазақ халқы қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Келген қонағына ерекше құрметпен бар дәмін алдына тосқан, - дейді шараның ұйымдастырушысы. - Қонаққа қымыз шұбат, ет, шайға бауырсақ, жент, ірімшік, құртты ұсынған. Бұл біздің мәдениетіміз, тарихымыз, біздің негізіміз. Сондықтан осындай шаралар ұйымдастыру арқылы қоғам назарын салт-дәстүрге аударуды жөн көрдік».

Атап өту керек, ауыл дәстүрін жаңғыртуды көздейтін партия, ұлттық құндылықтар мен береке-бірліктің бастауы болған ауылдың имиджін түрлі акциялар мен флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізу арқылы, кеңінен насихаттап, көтеріп жүр.
null null null

Соңғы жаңалықтар