Көкшетауда аутизмі бар 30-дан астам бала арнайы мектеп-интернатта оқиды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында Ирина Костицынаның жетекшілігімен дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарынан құрылған «Жаңа әлем» бастамашыл тобы бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орай ойын-сауық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараның бағдарламасында балалар туындыларының көрмесі, «Әке, анам, мен ...» байқауы, аниматорлармен қимыл-қозғалыс ойындары, сазды шоу, сабын көпіршіктері ойындары өткізілді.

№1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинскаяның айтуынша, бүгінгі таңда мектепте 286 бала оқиды, оның отыздан астамы аутизм диагнозымен. Мұндағы оқытушылар дефектолог мамандар, олар балалармен жұмыс жасауда үнемі түрлі әдістерді қолдануға тырысады. 

Айта кету керек, бастамашыл топтың қатысушылары аутизм белгісі бар балалардың отбасыларын қоғамдық орындарда кездестірген жағдайда өз-өзін қалай ұстау керектігін халыққа хабардар ету үшін парақшалар, ақпарат постерлерін басып шығарып, сауда орталықтарында, емханаларда, балалар сауықтыру орталықтарында іліп қойған.

Іс-шараға Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Виктор Молодовский, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев, білім басқармасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері қатысты.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» алаңында жастар ұйымдарының өкілдері, атап айтқанда, «Думан» педагогикалық құрамы, еріктілер, «Дрим» біріккен тәрбиешілер одағы және облыстық «Юность» педагогикалық құрамының ұйымдастыруымен аспанға көк түсті шарларды ұшырды.

 

Соңғы жаңалықтар