Көкшетауда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов бастаған облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департамент басшысы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және әскери-патриоттық клуб пен жастар бірлестігінің өкілдері интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жиынға қатысушылар ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың құрметіне әуеге оқ атылды.
Одан әрі шара «Достар» мәдениет сарайында ауған соғысы ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Онда бір топ ауған соғысының ардагері облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты және «Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.
«Ауған соғысы барлығымыздың жүрегімізге жазылмас жара салды. Бұл қайғылы, ұмытылмас оқиға мәңгі қазақ халқының есінде қалары анық. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі еш ұмытылмайды», деді Н.Нұркенов өз сөзінде.
Еске сала кетсек, жалпы Ақмола өңірінен ауған жеріне 1113 ақмолалық аттанып, оның 57-сі үйіне оралған жоқ. Бүгінгі күні өңірде 900-ден астам ардагер-интернационалист бар.
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар