Көкшетауда асық ойынының 4 түрі бойынша жарыс өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен асық ойындары бойынша 2-ші облыстық жарыс өтті.

«Алтын сақа» жобасы негізінде өткізілетін ұлттық асық ойынының Асық ату, Үш табан, Ханталапай, Бес асық ойыны түрлері бойынша Көкшетау қаласы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында ұйымдастырылған жарысқа Зеренді, Бурабай аудандары және Көкшетау, Степногор қалаларынан келген 50 астам баладан құралған 7 команда қатысып бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениет» қоғам бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов қатысушыларды құттықтап, ойындарына сәттілік тіледі.

Жалпы, командалық есеп бойынша 1-ші орынды Көкшетау қаласы иеленсе, 2-ші орынға Көкшетаудағы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернаты лайық деп танылды, сондай-ақ жүлделі 3-ші орынды Зеренді ауданы еншіледі.

«Ханталапай» ойыны түрі бойынша көкшетаулық Нұрдаулен Бөленбай 1-ші, зеренділік Мәдина Мейрамова мен Эльмира Жұмабекова 2-ші және 3-ші орынға ие болды.

«Бес асық» ойыны түрі бойынша көкшетаулықтар Айжан Сәбирова, Мәдина Тәшенова және Курсанай Усманова 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарды өзара бөлісті.

«Үш табан» ойыны түрі бойынша I орын көкшетаулық Ерсін Имаммади, 2-ші орын Аңсап Долдоли, 3-ші орын зеренділік Тұрмаханбет Бөгенбаев алды.

«Асық ату» ойыны түрі бойынша 1-ші және 2-ші орындарды көкшетаулық ие болған Санжар Нығматуллин мен өзара бөліссе, 3-ші орынға зеренділік Алмас Сыздыков лайық деп танылды.

Жеңімпаздар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар