Көкшетауда Ассамблеяның белсенді мүшелері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Қоғамдық келісім мен бірлік - Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту жолы» атты Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының 21-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессияға жиналғандар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ақмола облысының «Видергебурт» немiстер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Корнееваның өткен жылдан бері атқарған қажырлы еңбегіне ризашылық білдірді. Оның орнына Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып, ассамблея мүшесі, «Ақмола облысының шешен-ингуш «Вайнах» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев тағйындалды.

Шараға қатысқан аймақ басшысы Мәлік Мырзалин жиналғандарды  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бекітілген жаңа құрамымен таныстырып, еңбектеріне жеміс тіледі.
null 

Құттықтау сөзінде аймақ басшысы Тәуелсiз еліміздің бiрлiгi жарасып, дамудың даңғыл жолына түсуде Қазақстанның Тұңғыш Президентi, Ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлiне ерекше тоқталды.

«Ұлыстар достастығы - біздің басты байлығымыз, мақтанышымыз. Халық бірлігі - біздің басты жетістігіміз. Осы принциптерді ескере келе Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бүгінде ол ұлтарлық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың азаматтық институтына айналып отыр», - деді Мәлік Мырзалин.

Сессия соңында өңір басшысы Ассамблея белсенділерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл» медалімен, ҚХА бірлігі алтын медалімен,  «Құрмет» грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.
null null 

 

Соңғы жаңалықтар