Көкшетауда ассамблея мүшелері кезектен тыс сайлауға қолдау білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің кезектен тыс өтетін сайлауы талқыланып, біраз ой-пікірлер айтылды.

«Ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім өте дұрыс деп есептейміз. Елімізге бейбітшілік пен түсіністікті, тұрақтылықты сақтай отырып, алға қадам жасау керек. Сонымен қатар, бұл Үкіметке әлеуметтік жағдайды талдай отырып, осыған дейін жүзеге асырылған игі істерді саралайтын және алдағы міндеттерді айқындайтын кезең. Біз осыған дейін қазақстандықтарға тән жалпы идеологиялық, мәдени, дәстүрлі құндылықтарды қалыптастырдық және бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Осы уақытта Қазақстан экономикасы нығайып, қуатты мемлекетке айналды. Дегенмен, әлі де кезек күттірмейтін мәселелер бар. Президентікке үміткерлер мен Үкімет осы бағытта жұмыс істейді деп сенеміз. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары деңгейде өтуі тиіс. Барша қазақстандықтардың отбасына береке, бақыт тілеймін. Елімізде біздің ең басты құндылығымыз бейбітшілік пен келісім жасай берсін!» - деді «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасының орынбасары Герихан Яндиев.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры Құралай Ыдрысованың пікірінше, әрбір адамның сайлауға барып өз таңдауын жасауы - парызы.

Оның сөзінше, колледж ұжымы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуін бірауыздан қолдап отыр.

«Біздің басты міндетіміз - Тәуелсіздік алған уақыттың ішінде жасалған игі істерді сақтап қана қоймай, одан әрі дамыту. Сондықтан, Елбасының әлеуметтік бастамаларының одан әрі жүзеге асырылуына атсалысуымыз керек. Кезектен тыс президент сайлауын осы бағыттағы алғашқы қадам деп санауымыз қажет», - толықтырды Құралай Ыдырысова.

Сонымен қатар, жиында «Чуваш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Мащинская өз пікірін білдірді.

Жалпы, жиынға қатысушылардың барлығы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президентінің сайлауына барып, өз таңдауын жасайтындықтарын айтты.

Соңғы жаңалықтар