Көкшетауда арзан азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік» алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде өңірдің 100-ден астам кәсіпорындары жалпы сомасы 91,5 миллион теңгеге 84 тонна өнім ұсынуда.

«Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік атауларын, қала бойынша орташа бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар. Оның ішінде ет және шұжық өнімдері, жаңа піскен балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп, көкөністер және тағы басқалар бар», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіннен.

«Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» акционерлік қоғамы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері - қант, мүйіз, ұн, күріш, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы тіркелген төмендетілген бағамен ұсынылған.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен көшеттері, отын, пішен және астық қалдықтары сатылымға шығарылды.


Соңғы жаңалықтар