Көкшетауда Арыс тұрғындары үшін көмек қабылдайтын пункт ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола өңірлік кәсіпкерлер кеңесі Арыс тұрғындары үшін 5 миллион теңге ақша жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

«Жақында өңірлік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әсен Жақсылықов арыстықтарға қаржы жинау жөнінде Ақмола облысының бизнес қауымдастығы өкілдеріне үндеу жолдаған еді. Ізгілік ісін үндеу көтерген өңірлік кеңес мүшелері бірінші болып бастағанын атап өту қажет. Олар алғашқы күннің өзінде 5 миллион теңге қаржыны арнайы есеп-шотқа аударды.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық кәсіпкерлер Палатасының барлық қызметкерлері өздерінің бір күндік еңбек ақысын аударуға шешім қабылдады. Бұған қоса, облыстық Палата жанынан гуманитарлық және материалдық көмек жинау қоры ашылды. Мұнда зардап шеккендер үшін киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік, тағы басқа заттар қабылданады», дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Мұхамед-Рахым.

Ведомствоның мәліметінше, палата жанынан Арыс қаласының қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық және материалдық көмек қабылдайтын пункт ашылды. Барлық туындаған мәселелер бойынша төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, «Гринвич» бизнес орталығы, телефондар 8(716 2) 722-536, 7-707-748-88-94.

Сонымен бірге «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер Палатасында да қаржы жинау бекеті ашылғанын еске сала кеткіміз келеді. Барлық қаржы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашқан ресми есе шотқа аударылады. Қордың реквизиті:

010000. Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 25 үй.

БИН180540015308

ИИКKZ759470398991370112

БИКALFAKZKA

в АО ДБ «Альфа-Банк»

Соңғы жаңалықтар