Көкшетауда ардагерлер арасында шахмат турнирі өтті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ардагерлер арасында шахматтан және дойбыдан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Жеңіс күніне арналған жарысқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жиналған 50-ге жуық ардагер қатысты.

«Басқарма тарапынан жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Соның ішінде шахмат және дойбы ойындары ерекше танымал. Шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін интеллектуалдық ойында әр қатысушы аянып қалмады. Жарыс тартысты өтті», - деді ведомстводан.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ең көп ұпай саны бойынша анықталды.

«Шахмат пен дойбы тек әуестік ғана емес, бұл адамды толғандыратын, ақыл-ойын жаттықтыратын және жақсы көңіл-күй сыйлайтын ойын. Бізге осындай мерекелік жақсы көңіл күй сыйлағандарға шынайы алғысымызды білдіремін», - деді Аршалы ауданынан келген Бақытберім Ләтіпов.

Ақмола облысында жұмысшы бастығын балтамен шауып өлтірді.



Соңғы жаңалықтар