Көкшетауда «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, шараға Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық соттың, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Агенттік мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Біздің қызметіміз бен бастамаларымыз әділдік, парасаттылық және сенім призмасы арқылы іске асырылады», - деп атап өтті Алик Шпекбаев «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығының ашылуында.

Сервистік орталықтың бірінші қабатында келушілерді қабылдайтын арнайы кабинеттер орналасқан. Азаматтарды жайлы күту үшін балаларға арналған ойнау алаңы, бейнероликтер көрсетілетін LED-тв экрандарымен жабдықталған. Ғимараттың екінші қабатында «Open space» форматындағы кабинеттер мен департаменттің баспасөз орталығы бар.

Сонымен қатар, шара барысында департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы имидждік бейнероликтер көрсетіліп, «Halyq baqylaýshysy» мобильді қосымшасының жобасы ұсынылды.

«Мобильді қосымшаның осы жобасы шетелдік тәжірибені ескере отырып, Агенттіктің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін әзірленді. Қазіргі заманғы адам мобильді құрылғыны көбірек пайдаланатынын ескере отырып, қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл құралдарын жедел және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді департамент қызметкері Медет Тұрыбаев.

Айта кету керек, сервистік орталық азаматтарға жедел және жайлы жағдайларда кеңес алуға, ал мемлекеттік қызметшілерге мықты ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Open space» және «Front office» форматындағы жұмыстың тиімді үйлесімі болып табылады.

Шара соңында жаңадан ашылған сервис орталығы ғимаратының аумағында қолайлы экологиялық жағдайлар жасау призмасы арқылы адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін шырша ағаштары отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар